Қоқыс контейнерінен өлі нәресте табылды

Шымкентте қоқыс контейнерінде жатқан пакеттің ішінен нәресте өлі табылды, – деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. 18 қазанда полицияға Рысқұлов көшесіндегі қоқыс жәшігін тазалау кезінде жаңадан туған сәби өлі табылғаны туралы хабар түскен.

«Оқиға орнында «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС қызметкерлері күн сайынғы тазалық жұмыстары кезінде қоқыс контейнерінде жатқан пакеттің ішінен нәрестенің мәйітін тауып алған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша соталды тергеу басталды», – деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Полиция департаменті өкілдері Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында жария етуге жатпайтынын айтты.