Қоқыс басқан пәтерден 8 айлық егіздер табылды

Мәскеуде пәтерлердің бірінен ауыр халдегі сегіз айлық егіздер табылды. Балалар ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы. NEGE. «Түнде Плеханов көшеcіндегі тұрғын үйдегі пәтерден екі нәресте табылды. Сегіз айлық ұлдар екен. Олардың біраз уақыт тамақтанбағаны мәлім болды. Балалар ауыр халде ауруханаға жеткізілді» - деп хабарлаған Мәскеу прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ведомство өкілі егіздердің әкесі мен шешесі үйде мас күйінде болғанын айтты. Сонымен қатар, олардың басқа балаларға қатысты ата-ана құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, олардың барлығы 10 баласы болған: оның 8-ін қорғаншылық және қамқоршылық қызметі тартып алған.

Қазір оқып жатыр

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді