Көк базар басшылығы 2 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді

Алматыда санитарлық талапты сақтамаған Көк базар басшылығына 1 млн 722 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Алматы, NEGE. «Өздеріңіз білесіздер, наурызда Алматыда коронавирус көбінесе сырттан келген адамдардан табылды. Қазір вирустың таралу көрсеткіші артып келеді. Көбінесе адамдар өздері емдеу мекемелеріне хабарласып жатыр. Оның ішінде «Рахат» фабрикасын, Көк базарды айтуға болады. «Рахат» фабрикасы өз еркімен 2 аптаға жабылды. Көк базардың жұмысы сот шешімімен 1 айға тоқтатылды. Себебі, төрт органның өкілдерінен құралған мониторинг жұмыстары барысында берілген ескертулерді уақытында орындамағаны үшін базар басшылығына 1 млн 722 мың теңге айыппұл салынды», - деді Жандарбек Бекшин.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды