Қоғамдық орындарда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте коронавирус індетінің таралуына жол бермеу үшін қоғамдық көліктерде тәулігіне екі рет дезинфекция жұмысы жүргізіледі.

Шымкент,  NEGE. Залалсыздандыру жұмысы теміржол вокзалы, халықаралық әуежай мен адам көп шоғарланатын қоғамдық орындарда да жүргізіліп отыр.

Қазіргі таңда дезинфекциялауға 30 маман жұмылдырылған. Карантин талаптары бойынша ревизорлы бақылау қызметкерлерінің киім үлгісіне өзгеріс енгізілген.

Жалпы, қалада 16 тасымалдаушы компанияның 1 050 көлігі тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Карантин талабына сәйкес жолаушыларға медициналық масқа тағу міндеттелген.

Осыған байланысты бүгін қоғамдық көліктердегі жолаушыларға демеушілер есебінен 1000 дана медициналық масқа таратылды.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін