Қоғамдық көліктердің тасымалдау уақыты ұзартылды

Шымкентте жолаушылар көлігі саласын оңтайландыру жұмысы жалғасуда. Сондай-ақ, қоғамдық көлік саласындағы қызмет сапасы да дұрыс жолға қойылып келеді.

Шымкент, NEGE. Солардың бірі жолаушыларға қолайлы болу үшін Шымкентте №27 , 35 , 74 , 84 , 103 маршруттардың жұмысы сағат 07 : 00 - дан 22 : 00-ге дейін ұзартылды.

Аталмыш маршруттар бойынша автомобиль көлігімен жолаушылар және багажды тасымалдау қағидасына сәйкес және Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы негізінде 21 маусымнан бастап « T - Bus » ЖШС - гі қызмет көрсетуде.

Айта кетейік, мегаполисте 77 бағыт бойынша, 880 қоғамдық көлік бар.