Қоғамдық көліктер электрон төлем жүйесіне көшеді

Тамыз айының соңына дейін Талдықорғандағы қоғамдық көліктер электрондық төлем жүйесіне көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Жоба инвестор есебінен жүзеге аспақ. 7 компаниямен меморандум жасалып, 200-ге жуық автобусқа арнайы аппарат орнатылды. Қазір тұтынушыларға арналған карталарды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар шахардағы пошта бөлімшелері мен екінші деңгейлі банктерде сатылады. Құны үлкендер үшін 500, ал оқушылар үшін 400 теңге болмақ. Саладағылар тың бастама ақша айналымының ашықтығын қамтамасыз етеді дейді.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұрбақыт Алтынбеков: «Қанша адам мінді көріп отырады. Негізгі артықшылықтары қала шетінде жүрген автобустарға тиімсіз болса, өкіметтен ақша қарастырылады. Қарастырылған субсидияның арқасында автобустарды жаңартуға болады» деді.  

Қазір оқып жатыр

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады