Қоғамдық көлік жүргізушілері әдеп курсынан өтеді

Шымкенттің қоғамдық көлік жүргізушілері сыпайы болуды үйренеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE.  Олар үшін арнайы тәлім-тәрбиелік курс өткізілмек. Жақсы әдетті бойына сіңіру сабағына 2 мыңдай адам қатысады. Соңғы уақытта жолаушылар тарапынан автобус жүргізушілерінің дөрекілігі жөнінде арыз-шағым көбейіп кеткен. Тұрғындар сұрағына дұрыс жауап қайтармай, бір-бірімен жарысып, тіпті жаға жыртысуға дейін баратын шымкенттік жүргізушілердің әлеуметтік желіде талай «жұлдыз» болғаны белгілі.

«Енді әдеп курсынан өткен соң тәртіпке көнбесе, жұмыстан шығаруға тура келеді», - дейді диспетчерлік қызмет орталығының мамандары. Автобус жүргізушілері, сондай-ақ психология негіздерін оқып, алғашқы медициналық көмек көрсетуді меңгереді. Жолаушылар жаңа бастамаға жүгенсіз жүргізушілерді сабасына түсіреді деп үміт артып отыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр