Қоғамдық қорғаушылар тергеу изоляторларына телефон алып өтпек болды

Республиканың екі тергеу изоляторында ұялы телефондарды алып өтуді жоспарлаған қоғамдық қорғаушылар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. 5 ақпанда Астананың тергеу изоляторында жедел бөлімнің қызметкерлері фронт-офис кабинетіндегі бейнебақылауды арқылы қоғамдық қорғаушының ұялы телефонды, құлаққапты, екі SIM-картаны және қуаттағышты сотталғанға беру фактісін анықтады.

Сол күні Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесінде қызметкерлер қоғамдық қорғаушыны тексерген кезде аяқ киімінен телефон мен SIM-картаны тапты. Ер адам тергеу қамауына алынған туысына «тыйым салынған затты» беруді жоспарлаған. Мобильді құрылғылар мен басқа да заттар тәркіленді.

Қоғамдық қорғаушыларға қатысты әкімшілік материалдар жасалды. Сондай-ақ сотталғандарды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін материалдар толтырылды.

Қазір оқып жатыр

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен

Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады

20 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Атырау облысындағы отбасы қазасы: прокурор оқиғаның мән-жайын айтып берді