31 декабря 2019 г. 18:51
Карикатура. Қобыланды келеді «пробкамен»
Карикатура: Ғалым Смағұлұлы
Мәтін: Арман Құдайберген
Еңсемді еш уақытта құлатпаған
Тайбурыл шақырымды бір аттаған.
Бүгінгілер темірді «тұлпар» дейді,
Сүйретіліп, көз ашпай пробкадан.
Желмен бірге жарысу маған әдет,
Торықтым дамып кеткен қалаға кеп.
«100 аттың күші бар» деп ел қызыққан,
Әй, темір Тайбурылдан садаға кет!
Жануар дап-дайын тұр ер үстінде,
Темір міндім Құртқаға келістім де.
Електегі дәндейін кептеліп қап,
Босқа уақыт өтуде жол үстінде.
«Қайран далам» дейтұғын құлақта әуен,
Шыдап жүрмін осынау сынаққа әрең.
Кең далада көсіліп бір шапсам», – деп
Қобыланды келеді «пробкамен».