23 сентября 2022 г. 15:49

Қобыланды Болаттың сүйіктісі кім?

Фото:

Көзі қырағы көрерменге «5:32» веб-сериалы арқылы танылған актердің жеке өміріне қызығушылық танытатын қыздардың қарасы көп.

Алматы, NEGE. Өнер иесі нәзік жандылардың көкейіндегі сұраққа белгілі тележүргізуші Динара Сәтжаннның ютуб арнасына берген сұхбатында жауап берді. Актер әңгіме барысында жұбайы Назеркемен бесінші сыныптан бері бірге екенін жеткізді. Яғни, алғашқы махаббаты мектеп бітірген соң өмірлік жарына айналған. Бүгінгі таңда танымал болғанын келіншегінің қолдауымен байланыстарған  ол осы уақытқа дейін екеуінің ұрысып көрмегендерін айтады. «Кез келген отбасында келіспеушілік болады. Ондай кезде ұрысқанша, мәселенің шешілу жолын табу керек», – дейді танымал актер.

«Балаларым маған энергия береді» деген Қобыланды Болат бүгінде бір ұл мен бір қыздың әкесі екенін жеткізді.

Тегтер: