Көбейтұз ерекше қорғауға алынуы мүмкін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын аумақ мәртебесін беруді ұсынды.

Алматы, NEGE. «Соңғы айларда тіркелген жағдайлар қысқа уақыттың ішінде тұмса табиғаттың көркін қалайша құртуға болатынын айқын көрсетіп берді. Бұл – ерекше бірегей көл. Әлбетте, мобильді бекеттер мен шлагбауммен проблема шешіле салмайды. Себебі шлагбаум бар жерде оны аттап өткісі келетіндер де көп болады», – деді Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, проблеманы шешудің екі жолы бар.

«Біріншісі – экологиялық білім және айыппұл мөлшерін көбейту. Екіншісі – көлдің бірегейлігін пайдалана отырып, біз оған ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін берсек дейміз. Осылайша оған қатысты шектеу шаралары күшіне енеді», – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

Қазақстандық салымшы зейнетақы шотынан ақшасы жоғалып кеткенін айтып, шағымданды

Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті жеңісімен құттықтады

Түркістан облысында тұрғындар Қызыл кітапқа енген қызғалдақты көлікпен таптаған