Қобдада 100-ден астам үйдің құрылысы басталды

Ақтөбе облысының Қобда ауданында сутасқынынан зардап шеккен азаматтарға 116 жаңа тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қобда ауданы әкімдігі

Алматы, NEGE. "Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, аудан бойынша салынатын 150 үйдің 116-сының құрылысы басталды", - делінген хабарламада.

Бүгінде бір үйге құрылыс материалдары әкелініп жатса, бірінің іргетасы қаланып, ал кейбіреулерінің қабырғалары бой көтеріп, үйлердің ішкі жұмыстары жүргізілуде.Үйлерге жарық, су, газ тарту жұмыстары қатар атқарылып жатыр. Жаңа тұрғын үйлерді салып жатқан 15 компания жұмысты екі айдың көлемінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?