«Кінәмді ішінара мойындаймын»: блогер Эльмира Төлегенова сотта көз жасына ерік берді

Сот отырысында блогер Эльмира Төлегенова заңсыз кәсіпкерлікке қатысты жауапкершілікті толық түсінетінін айтып, осы бап бойынша тағылған айыпты мойындайтынын мәлімдеді.

NEGE

Астана, NEGE. Ол өзіне тағылған заңсыз кәсіпкерлікке қатысты (Қылмыстық кодекстің 214-бабы) құқықбұзушылық жасағанын мойындады. Алайда Қылмыстық кодекстің 218-бабы қаражатты заңдастыру (жылыстату) бойынша айыпты үзілді-кесілді жоққа шығарды.

«Қазір заң бұзғанымызды түсініп отырмын. 214-бап бойынша кінәмді мойындаймын. Шынымды айтсам, бұл жерде тұру маған өте ауыр. Жауапкершілікті көтеруге дайынмын», – деді ол.

Жауап беру барысында Төлегенова көз жасына ерік берді.

«Негізі эмоцияға берілетін адам емеспін. Бірақ бұл жағдай маған әйел ретінде өте ауыр тиіп тұр», –  деді блогер.

Ол 218-бап бойынша тағылған айыпты түсінбейтінін айтып, бұл бап істі ауырлату үшін әдейі қосылған деп есептейтінін жеткізді.

Оның күйеуі Ерболат Жанабылов та заңсыз кәсіпкерлікке қатысты айыпты мойындап, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру (жылыстату) бойынша айыпты үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Еске салайық, Қаржы мониторингі агенттігі Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованы заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысты және қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастырды деп айыптап отыр. Тергеу болжамына сәйкес, 2025 жылы олар онлайн-курстар сату деген желеумен заңсыз лотерея ұйымдастырып, қымбат сыйлықтар ойнатқан.

ҚМА мәліметінше, блогерлер сатқан курстардың нақты құндылығы жоқ. Ал жүлделер блогерлердің жеке қаражатына емес, осы курстарды сатудан түскен ақша есебінен алынған.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр