ҚМДБ 2022 жылғы діни күндер кестесін бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2022 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп мәлімдеді ҚМДБ баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Кесте халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Дегенмен, пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

Кестеге сәйкес, 2022 жылы ораза 3 сәуірде басталып, 1 мамыр күні аяқталады. Қадір түні – 28 не 29 сәуір. Ал құрбан айт мерекесі 9-11 шілдеге сәйкес келеді. Мәуліт – 7 не 8 қазан.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады