ҚМДБ мұсылмандарға Counter-Strike, Dota, GTA, Minecraft сияқты ойындарды ойнауға тыйым салды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылмандарға Counter-Strike 2, Dota 2, GTA, League Of Legends, Minecraft және genshin Impact сияқты ойындарды ойнауға тыйым салды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. ҚМДБ мазмұнында зорлық-зомбылық, кісі өлтіру, соғыс, құдайға қарсы немесе дінді мазақ ету көріністері бар барлық ойынды ойнауды шектегенін ескертті.

«Ойында құмар ойын элементтері болмауы керек. Құранда «Уа, Аллаға сенгендер! Мас ететін сусындар, құмар ойындар, пұт – бұл шайтанның істері. Одан аулақ болыңыз!» делінген.("Әл-Маида" сүресі, 90-аят)», – деп түсіндірді мүфтият.

Мұсылмандарға Ислам қағидаттарына сай келмейтін ойындарды ойнауға біржолата тыйым салынған. Ал логикалық, миды дамытатын, ақпараттық ойындарға рұқсат етілген.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады