Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: «Реал Мадрид» жартылай финалға шықты

Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында Испанияның атақты «Реал Мадрид» командасы Германияның «Боруссия Дортмунд» клубын 3:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

championat.com

АЛМАТЫ, NEGE. Ойын тартысты өтті. «Реалдың» сапынан Гонсало Торрес 10-минутта есеп ашса, Франсиско Гарсия 20-минутта, ал Килиан Мбаппе қосымша уақытта – 94-минутта үшінші голды соқты. Дортмундтықтардан Максимилиан Байер (92-мин) мен Серу Гирасси (98-мин) екі голмен жауап қайырғанымен, есепті теңестіре алмады.

Осылайша мадридтік ұжым 3:2 есебімен басым түсіп, жарысты жалғастыру мүмкіндігін сақтап қалды. Енді олар 9 шілдеде өтетін жартылай финалда Францияның «Пари Сен-Жермен» командасымен кездеседі. Айта кетейік, ПСЖ бұл кезеңге жолдаманы Германияның «Бавария» клубын 2:0 есебімен жеңу арқылы алған болатын.

Тағы бір жартылай финалдық жұп – Бразилияның «Флуминенсе» мен Англияның «Челси» клубтары. Олар 8 шілдеде өзара мықтыны анықтайды. Бұған дейін «Флуминенсе» Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» клубын, ал «Челси» Бразилияның «Палмейрасын» 2:1 есебімен жеңген еді.

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Чемпион атанған команда 125 миллион доллар сыйақыға ие болады. Қалған сома турнирге қатысушы 32 клуб арасында нәтижелеріне қарай бөлінеді.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды