КҚК-да қазақстандық мұнай экспорты қалыпты режимде жүріп жатқаны хабарланды
'КҚК-Р' АҚ құбыр жүйесі арқылы қазақстандық мұнайды экспорттау қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Энергетика министрлігі өкілдері мәлімдеді.
Алматы, NEGE. "Бұған дейін Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты судьясының 5 шілдедегі шешімі бойынша "КҚК-Р" АҚ қызметін 30 тәулікке әкімшілік тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды. Үздіксіз әрекетті ескере отырып, "КҚК-Р" АҚ сотқа судья шешімінің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхат берді", - деді ведомсвто өкілдері.
Энергетика министрлігі консорциум Ресейдің тиісті мемлекеттік органдарымен және ведомстволарымен Ространснадзор бұйрығында көрсетілген құжаттық заңбұзушылықтарды жою үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
"Қазіргі уақытта қазақстандық мұнайды "КҚК-Р" АҚ құбыр жүйесі арқылы экспорттау тұрақты режимде жүзеге асырылып жатыр", - деді министрлік өкілдері.