КҚК терминалында Қазақстан мұнайын тиегелі тұрған екі танкерге шабуыл жасалды

Каспий құбыр консорциумының Қара теңіздегі жүк тиеу терминалы маңында екі мұнай танкеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Bloomberg.

cpc.ru

Астана, NEGE. Агенттік дереккөзінің хабарлауынша, Delta Harmony және Matilda атты екі танкерге КҚК-ның теңіздегі айлағында Қазақстаннан жеткізілген мұнай тиелуі тиіс болған.

Мәлімет бойынша, грекиялық Delta Tankers компаниясының басқаруындағы Delta Harmony такеріне «Теңізшевройл» жобасының мұнайы, ал Thenamaris компаниясының басқаруындағы Matilda танкеріне Қарашығанақ кен орнынан өндірілген мұнай тиелуі керек еді.

Thenamaris компаниясының өкілі Matilda танкеріне КҚК-дан шамамен екі дрон шабуыл жасағанын растады.

Nege.kz тілшісі түсініктеме алу үшін Энергетика министрлігіне сауал жолдады. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?