Каспий құбыр консорциумы мұнай қабылдауды уақытша тоқтатты
Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы 29 желтоқсаннан бастап мұнай қабылдауды тоқтатты.
Астана, NEGE. Консорциумның мәліметінше, мұндай шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданған.
«КҚК-ның теңіз терминалы операциялық қызмет аймағындағы қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты Консорциум 2025 жылғы 29 желтоқсанда ауа райы қалыпқа келіп, дауылды ескертулер алынғанға дейін мұнайды ауыстырып тиеу жұмыстарын уақытша тоқтатты.
Шикізатты сақтау қуаттарының толып кетуіне байланысты 2025 жылғы 29 желтоқсанда мұнай қабылдау да тоқтатылды», – делінген хабарламада.
Мұндай шектеулер қоршаған ортаны қорғау және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ мұнайдың төгілуімен байланысты апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында енгізілген.
Бұл туралы жүк жөнелтушілерге алдын ала хабарланды.
Мұнай жөнелту ырғағына ВПУ-2 нысанына экипажсыз катермен жасалған террористік шабуыл, ВПУ-3-тегі бұрын басталған жөндеу жұмыстары әсер еткен. Ал жөндеу жұмыстарына қыс мезгіліндегі күрделі гидрометеорологиялық жағдайлар кедергі келтірген.
КҚК өкілдері мұнай құбыры жұмысы қайта жанданғанда қосымша хабарлайтындарын жеткізді.