Қызметкерлерге қол көтерген полиция басшысы жұмыстан қуылды

Алматыда қол астындағы қызметкерге қол көтерген полицей жұмыстан босатылды.

Алматы, NEGE.  Алматы полициясының бастығы Қанат Таймерденовтің айтуынша, Полиция департаментінде жедел тәртіптік комиссияның отырысы өтті.

«Комиссияның шешіміне сәйкес, Наурызбай аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Қ. Жақыпбаев полиция бөлімінің беделін түсіргені және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі» нормаларын бұзатын әрекетті жасағаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылды»,-деді ол.

Сонымен қатар, аталған басқарманың басшысы қызметінен босатылды.

Қанат Таймерденов қауіпсіздік басқармасы бұл фактіні ҚР ҚК-нің 362 бабы -билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді