Қызмет бабында қаза тапқан полицейлер мен әскерилердің отбасына ай сайын өтемақы беріледі

Қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің отбасыларына ай сайынғы төлемдер берілетін болады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ішкі істер органдарының қызметі саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заң жобасында бүгінгі таңда ай сайынғы төлемдер алмайтын тұлғалардың жағдайын жақсартуға бағытталған түзетулер көзделуде.

Жаңа нормаға сәйкес қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан барлық құқық қорғау органдары, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелері бір жолғы төлемдерден бөлек, қосымша ай сайынғы төлемдер алуға құқылы болады (жесірлерге – өмір бойы, балаларға – 23 жасқа толғанға дейін).

Бұл санатқа 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін (яғни 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісті заң күшіне енгенге дейінгі) қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелері енгізіледі.

Бүгінде бұл санатқа 1991 жылдың 16 желтоқсанынан 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта қаза тапқан, ай сайынғы ақшалай төлем алмаған 530 отбасы кіретін болады.

Қазір оқып жатыр

«Халықты адастыру»: депутат ІІМ-ді қатаң сынады

Британия парламенті жастарға темекі сатуға өмір бойы тыйым салатын заңды мақұлдады

Рахат Тұрлыхановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Жамбыл облысының тұрғыны күйеуін қызғанғаны үшін 544 мың теңге айыппұл арқалады