Қызылшамен ауырып жатқандардың басым бөлігі вакцина алмаған – ДСМ

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды.

Алматы, NEGE. Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова бүгінде А гепатиті мен қызылша ауруының көбеюі алаңдаушылық туғызып отырғанын айтты.

Қызылшаны ең көп жұқтырғандар Шымкент пен Алматыда анықталған.

Вице-премьер Тамара Дүйсенова бұған дерттің қауіптілігі туралы халықтың ақпараттандырылмауы себеп болуы мүмкін екенін атап өтті.