13 ноября 2021 г. 10:43

Қызылшаға қарсы вакцинацияны тезірек жүргізу ұсынылды

Фото:

  Әлемде қызылша ауруының таралу қаупі бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы осындай мәлімдеме жасады.

Алматы, NEGE. Мамандар пандемияға байланысты кейінге қалдырылған қызылшаға қарсы вакцинацияны мүмкіндігінше тезірек жүргізу қажет деп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының иммундау бөлімінің басшысы Кейт О' Брайен 26 елде қызылшаның өршігенін хабарлаған. Өткен жылы әлем бойынша 22 миллионнан астам бала қызылшаға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алмаған. Мамандар бұл індеттің таралуына әкеп соғады деп дабыл қақты. Ал Қазақстандағы жағдай тұрақты дейді мамандар. Биыл еліміз бойынша екі жағдай тіркелген. Бірақ арқаны кеңге салуға болмайды. 2019 жылы ел бойынша 13 мыңнан астам бала ауырған.

ҚР ДСМ вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаев: "Ел аумағында қызылшамен сырқаттанушылық биыл тұрақты. Алдыңғы жылдары қызылшаның өршуі тіркелген. Бұл 2018 жыл қараша мен 2019 жылы өте жоғары деңгейде сырқаттану тіркелген. 2020 жылы бірінші жарты жылдығында инфекция оқшауланып, бірен-саран ғана тіркелді", - деді. 

  Мамандар бұл инфекцияның екпесі елімізде тек ұлттық күнтізбе бойынша егілетінін айтады. Яғни қызылшаға қарсы вакцина жоспарлы түрде 1 жастағы сәби мен 6 жасар балаларға салынады. Елімізде пандемия кезінде қалыс қалғанымен қазір екпелер  жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр.

Тегтер: