Қызылордалықтар калифорниялық құрт өсіруді қолға алды

Қызылорда облысы Қазалы ауданында 4 азамат жерді тыңайтуға арналған калифорниялық қызылқұрт өсіру ісін қолға алды.

 
Алматы, NEGE. Бұл істі «Қазалы Агро KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бастады. Серіктестік қолдауымен қазалылық 4 азамат бірігіп, шылаушын құртын өсіріп жатыр.
 
Бұл - дамыған елдерде кең танылған кәсіп. Дегенмен елімізде оны пайда табу мақсатында өсіретін азаматтар саусақпен санарлық.
 
Шылаушын өсірудің шығыны аз, кірісі мол, қоршаған ортаға зияны жоқ, пайдасы бар, топыраққа да, өсімдікке де залалы келмейді. Бұл жөнінде аталған кәсіппен айналысып жүрген Сәбит Аралбаев айтып берді.
 
«Біздің өсіріп жатқанымыз «калифорниялық қызыл құрт» деп аталады. Бұл құрттардың жейтін тағамы - органикалық қалдықтар. Ағаштан түскен жапырақ, төрт түлік малдың қиымен коректенеді. Бұл қалдықтар сатылмайды, тегін. Кез келген жерден табуымызға болады. Қызыл құрттар осы қалдықтарды жеп, ішінен өңдеп, бізге биологиялық тыңайтқыш жасап береді. Биологиялық тыңайтқыш дегеніміз - өсімдіктердің өсуіне өте қажет зат. Мұны топыраққа сеуіп, шашатын болсақ, егістіктің өсуін 2-3 есе күшейтеді. Егін шаруашылығымен айналысатын адамдар қызыл құрт өндіріп шығарған тыңайтқыштарды сатып алады. Егістігі мол түсім бермей жүрген диқандар биотыңайтқышты топырағына сеуіп, мол өнім алып жатады. Жер тұзданып, құрғаса, осы тыңайтқышты себеді. Жер тыңайып, топырақ құнарланып, өнім молаяды. 100 пайыз көмектеседі, деді кәсіпкер.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады