Қызылордалық полицейлер суға батып бара жатқан азаматты құтқарды
5 маусым 11:30 шамасында Жалағаш ауданы ПБжергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ержан Абдраманов және патрульдік полиция тобының аға инспекторы Ернұр Өтеш аймақты аралаған.
Алматы, NEGE. Кенеттен көліктің алдынан жергілікті тұрғын жүгіріп шығып, көліктерін тоқтатуын сұрайды. Ентіккен азамат Бұқарбай батыр елді-мекеніне қарасты “Северный” каналында бір азаматтың суға батып бара жатқандығын айтады.
Осы сәтте полиция қызметкерлері жедел әрі үйлесімді әрекет жасады. Полицей Ержан Абдраманов тұңғиыққа бойлаған жігітті аман алып қаламын деп ойланбастан суға секірді. Суға секіріп, жігітті жағаға шығарып, оған дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетті.
Жергілікті тұрғын канал жиегіне барып, күріштіктің суын тексеремін деп абайсызда құлап кеткендігі анықталды. Ол Қызылорда қаласындағы жоғарғы оқу орындарының бірінің студенті.