31 октября 2025 г. 9:53

Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы жеке меншікке өтті

Фото: gov.kz

Қызылорда облысының «Қайсар» футбол клубы 2025 жылдың 30 қазанынан бастап ресми түрде «TAU Group LTD» компаниясының басшысы Исламғали Қозбақовтың жеке басқаруына берілді. Ресми ақпаратты облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. Президент биылғы Жолдауында футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты жеделдетуді тапсырған болатын. Бұл жұмыс соған сәйкес атқарылып отыр.

Басқарманың баспасөз қызметі футбол клубын дамыту бойынша нақты шаралар қабылданғанын атап өтті. Оның ішінде клуб академиясы мен инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд теңге көлемінде инвестиция салу жоспарланды.

— Айта кетейік, елімізде алғашқылардың бірі болып қызылордалық «Қайсар» футбол клубы легионелерден толық бас тартып, жаңа маусымды жергілікті ойыншылармен бастаған болатын. Ал биылғы маусымда 22 ұпай жинап, жалпы кестеде 11 орынға тұрақтап, Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қалды, — делінген хабарламада.