Қызылордағы қырғын төбелестің мән-жайы анықталды

Қызылорда облысында Полиция департаменті бейнебақылау камерасына жазылған видеоны таратты.

Алматы, NEGE. Онда екі кәмелетке толмаған жасөспірімнің төбелесі бейнеленген. "Полиция департаментімен бейнетіркегішке жазылған бейнежазба ұсынылады. Онда екі кәмелетке толмаған жасөспірімнің төбелесі бейнеленген. Олардың алған дене жарақаттары осы төбелестің салдарынан болған. Оқиға орнына келген полицейлерге құқық бұзушылар қарсылық танытып, заңсыз әрекетке барады. Ішімдік ішкен екі бұзақының әкесі полиция қызметкерлеріне күш қолдану арқылы қарсылық көрсеткен", - делінген хабарламада. ПД хабарлауына қарағанда, аталған оқиғаға қатысушылар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған. "Айта кетерлік жайт, бұл отбасы үнемі қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын бұзады. Олардың үстінен полицияға көптеген шағымдар келіп түсуде. Азаматшаның өтініші бойынша және оның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оның беті мозайкамен жабылды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты

Депутаттар портреті. Асхат Аймағамбетов. Реформатор