Қызылордада жоғалған бала өлі табылды

Қызылордада жоғалған бала өлі табылды

. Оның денесі бүгін жеке үйлердің біріндегі кәріз құдығынан табылған. Қызылордада 6 жасар баланы полиция және ТЖД қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары 2 күн іздеген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы. NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 жасар Альтаир Бахыт септиктен табылған.

«Бүгін сағат 11-де жеке үйдің кәріз құдығынан жоғалған баланың денесі табылды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Бұл дерек бойынша тергеу басталды», - деп жазылды хабарламада.

Тергеуді облыстық полиция департаментінің басшысы Сұлтан Бекторе жеке бақылауына алды. Ол Альтаирдің ата-анасы мен туыстарына көңіл айтты.