Қызылордада жеңіл автокөлік аялдаманы қиратып тастады

Қызылорда қаласында жеңіл автокөлік аялдамаға соғып, оны қиратып тастады.

Алматы, NEGE. Оқиға облыс орталығындағы Қорқыт ата және С.Торайғыров көшелерінің қиылысында болды. «Mercedes-Benz» көлігінің иесі жолдың оң жақ жиегіндегі аялдамаға барып соққан. «Көлік жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалған. Полицейлер оның кім екендігін анықтады. Көлік айып алаңына қойылды. Көлік жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің үш бабы бойынша жауап беріп, айыппұл төлейді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, Қызылордада жол-көлік оқиғасы болып, бір жүргізуші мылтықпен оқ атқан.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде дәмханада болған жарылыс: тағы екі адам ұсталды

Депутат: ҰБТ-дағы өзгерістер оқушыларға қосымша стресс әкелуі мүмкін

Қазақстан мұнайы Германияға басқа бағытпен тасымалданады – Новак

Атырауда жаңа полиция басшысы тағайындалды