Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан екі адам анықталды

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан екі адам анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Қызылорда облысында "STOP-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген 2 азаматша анықталды. 24 қараша күні жедел рейд барысында облыс орталығындағы екі саунада 39, 50 жастағы меңгерушілері пайдакүнемдік мақсатта келген тұтынушыға жеңіл жүрісті қыздарды ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқан.

Күдікті азаматшалар саунаға келген тұтынушыларға қыздарды ұсынып, әрбір шақыру бойынша 5 мың теңге сыйақы ретінде ақшалай қаражат алып отырған.  

Оқиға орнында заттай дәлелдемелер: ақша және байланыс құралдары алынды.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен (Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Режеп Тайип Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тұңғыш иегері атанды

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады

Ақтауда полицей қызметтік көлікпен 1,5 жасар баланы қағып кетті

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды