Қызылордада жаппай төбелес болды

Қызылорда қаласында түнгі уақытта жасөспірімдер өзара келіспей, жаппай төбелес болды.

Алматы, NEGE. Оқиға Қызылорда қаласының орталық бөлігінде болды. Түнгі уақытта жасөспірімдер өзара келіспей, шу шығарған. Сол жерде патрульдік полиция қызметкерлері бірнеше жасөспірімді ұстады.

«Кәмелетке толмағандар қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Дене жарақатын алып, зардап шеккендер жоқ. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ