Қызылордада тегін палау үшін қақтығыс болды

Қызылордада тегін палау тарату халықтың қақтығысуымен аяқталып, аспаз жарақат алды, - деп жазды Inbusiness.kz

Алматы, NEGE. Палау қала күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада дайындалған. Осыған орай облыс әкімдігі іргесіндегі Сыр ана алаңында өңірдегі күріш өсірумен айналысатын ірі серіктестік палау жарысын ұйымдастырған.

Тамақты жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен қатар басқа қалалардан келген аспаздар да дайындаған. Тіпті Өзбекстаннан келген қатысушылар да болған.Тамақты үлестірер алдында көпшілік арасында жанжал шығып, төбелес орын алған. Ересектер, қарттар, балалар қазандарға жақын болу үшін бір-бірін итерген.

Сыр ана мұнарасының маңында жайылған дастарханнан халық ас ішу үшін палау пластик ыдыстарға салынып, таратылады деп жоспарланған екен. Бірақ минут өткен сайын көрерменнің шыдамы таусылған көрінеді. Ыстық ауа райы да әсер еткен болуы мүмкін. Қақтығыс кезінде 20 шақты бала жоғалып кеткен.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды