Қызылордада полиция департаментінің басқарма басшысы ұсталды

Қызылордада полиция департаментінің жоғары шендісі ұсталды.

Қызылорда, NEGE. 5 қазан күні ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп жүргізген арнайы шара барысында заңсыз әрекеттері үшін аталған департаменттің басқарма басшысы мен оның қызметкері ұсталды.

Бүгінгі күні күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді кінәсінің дәрежелерін анықтай отырып, сот шығарады.

«Қазіргі таңда қызметтік тергеу жүргізілуде. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар заң аясында қатаң жазаға тартылады. Оларға біздің қатарымызда орын жоқ. Полиция беделіне нұқсан келтіретін әрекеттердің алдын-алу шаралары жалғасады», – деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.

Қазір оқып жатыр

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады