Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды
3 желтоқсан күні Қызылорда қаласы ПБ '102' арнасына мұз астында белгісіз адамның мәйіті жөнінде хабарлама түскен, деп хабарлады Полицияның телеграм каналы.
Алматы, NEGE. Аталған дерек қалалық полицияның сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер азаматтың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу әрекеттері жалғасады.