Қызылордада футбол турнирінде төбелеске қатысқандар полицияға жеткізілді
Оқиға 13 сәуір күні облыс орталығындағы мектептердің бірінде футбол алаңында орын алған. Медициналық көмекке жүгінгендер жоқ.
Алматы, NEGE. Аталған дерек Қызылорда қалалық ПБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 293 - бабы бойынша тіркеліп, тергеу жүргізілуде.
Мән - жайларды анықтау мақсатында төбелеске қатысушылар полицияға жеткізілді.
Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, қатысушылар арасында жанжал туындаған спорттық турнирдің ұйымдастырушылары да полицияға жеткізілді.