Қызылордада ер адам көпірден секіріп қайтыс болды

Қызылордада көпірден секірген ер адам қайтыс болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Оқиға 17 желтоқсанда сағат 00:00 шамасында болған. Сол уақытта 102 арнасына облыс орталығында орналасқан сол жағалаудағы көпірден ер азаматтың секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама түскен.

«Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында азамат қайтыс болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.