Қызылордада ер адам каналға бетін жумақ болған сәтте құлап кеткен

Қызылорда қаласында 30 жастағы азамат Шіркейлі каналына суға батып кетті.

Алматы, NEGE. Мәлім болғандай, бүгін жергілікті уақытпен таңғы 6.00-де ол бетін жуып жатқан сәтте абайсызда каналға құлап кеткен. «Аталған шақырту бойынша құтқарушылар мәйітті іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Әзірге табылған жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері. Сондай-ақ, Қызылордада балық аулауға шыққан адам суға батып кетті.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді