Қызылордада дүкенге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Қызылордада дүкенге ұрлыққа түскен күдікті құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Қызылорда қалалық ПБ Тасбөгет полиция бөліміне дүкен иесі арызданды. Белгісіз біреу азық-түлік дүкенінің пластик терезесін күштеп ашып кіріп, ішінен бір ноутбук және тұрмыстық заттарды ұрлап кеткен. Жүргізілген жедел жұмыстар нәтижесінде учаскелік полиция инспекторлары күдікті 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Осы орайда полиция қызметкерлері дүкен иелеріне аса мұқият болуын және бейнебақылау камераларына дабыл жүйесін орнатуды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті

Парламент қарауына бес конституциялық заң енгізіледі