Қызылордада бүгіннен бастап базарлар ашылады

Қызылорда облысында 18 мамырдан бастап азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер мен базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

Алматы,  NEGE. Қызылорда облысы бойынша 18 мамырдан бастап карантиннің кейбір мәселелеріне өзгертулер мен толықтырулар енеді. Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді. «Бүгінгі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, кезең-кезеңімен салалар мен мекемелерді жұмысқа қосудамыз. Дегенмен қызмет барысында санитарлық-дезинфекциялық шаралары қатаң сақталып, жұмыс барысы шектеулі уақытқа ғана рұқсат етіледі. Төртінші кезеңге, яғни 18 мамырдан бастап қосымша нысандар қосылды. Олар ломбардтар, азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер, базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, қонақ үйлер. Сонымен қатар, туристік, авиа, теміржол кассалары, діни құлшылық жасау орындары да іске қосылады», - деді Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова. 

Қазір оқып жатыр

Қырымда Ан-26 әскери ұшағы жартасқа соғылып, 29 адам қаза тапты

БҚО-да мектеп автобусымен болған жол апаты: 24 бала ауруханаға жеткізілген

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі