Қызылордада білім бөлімі 1 литр сүтке 14 миллион теңге жұмсамақ болған

Қызылордалық шенеуніктер күртеге 1,6 миллион теңге, сүтке 14 миллион теңге жұмсамақ болған, деп хабарлайды ҚазТаг.

Алматы, NEGE. «Қармақшы ауданының №275 орта мектебі балаларға 125 қысқы куртка сатып алмақшы болған. Әр куртканы 1 670 143 теңгеге бағалағаны белгілі болды. Сөйтіп, білім ошағы бұл мақсатқа 208 миллион теңге жұмсамақшы болған. Біздің ұсынысымызға сәйкес, тауар құны 16 701 теңгеге дейін төмендетілді. Ал жалпы сатып алу сомасы 2 миллион теңге болды. Осылайша, 206 680 197 теңге мемлекеттік қаражат қайтарылды», – деді Ғалия Әлімқұлова.

Шиелі аудандық білім бөлімінің басшылығы 14,5 миллион теңгеге бір литр сүт сатып алуды жоспарлаған. Тексеріс жүргізген агенттіктің жоспарлы бағаларды қайта қарау туралы ұсынымынан кейін сүттің құны 223 теңгеге дейін төмендетілді.