Қызылордада балалар орталығында жарылыс болып, ғимараттың бірінші қабаты өртенді

Қызылордада балалар ойын-сауық орталығында жарылыс болып, ғимараттың бірінші қабаты толық өртенді.

Алматы, NEGE. 19 шілде сағат 07:20-да Қызылорда қаласы Ы.Алтынсарин көшесінде орналасқан «Пумба» балалар ойын-сауық орталығында жарылыс болып, ғимараттың 200 шаршы метрлік бірінші қабаты өртенді.

Оқиға орнына жедел жеткен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда филиалының қызметкерлері, газ қызметінің авариялық-диспетчерлік бригадасының мамандары «Пумба» кафесін және осы ғимаратқа жақын тұрған үйді газдан ажыратты.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ басшылығына, техникалық қызметтер мен ТЖД, Қызылорда қаласының ІІД-не бірден хабар берілді. Жарылыс толқыны салдарынан жақын орналасқан ағаш сарай мен көрші үйдің терезелері бүлінген. 8 сағат 15 минутта өрт толығымен сөндірілді. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің себебін мамандар анықтап жатыр. Тергеу жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады