Қызылордада алты үйдің қорасы өртеніп кетті

Қызылорда облысында алты үйдің мал қорасы өртеніп, салдарынан 2000 данаға тарта престелген шөп және өзге де дүниелер жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Оқиға Жалағаш ауданына қарасты Таң ауылында бүгін, таңғы сағат 5.00 шамасында болды. Салдарынан бірнеше үйдің мал қорасы өртеніп кетті. Монша, пресстелген шөп, тақтайлар, жем және 1 жылқы тілсіз жаудың құрбанына айналды. Соның салдарынан 900-ден астам шаршы метр аумаққа зиян келді. «Оқиға орнында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» аудандағы бірінші бөлімшесі өрт сөндіру жұмыстарын атқарды. Жалын 1 өрт сөндіру автокөлігі 10 қызметкерінің күшімен толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Таң ауылындағы ерікті өртке қарсы күш құрылымдарының 6 адамы атсалысты», - дейді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты