Қызылордада 13 жасар қыздың мәйіті табылды

Қызылорда қаласында екі күн бұрын дарияға суға батып кеткен 13 жастағы қыздың мәйіті табылды.

Алматы, NEGE. Оқиға 18 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 8.43-те тіркелген. Достарымен бірге серуенге шыққан қыз бала облыс орталығының туберкулез ауруханасы аумағындағы дария бойында суға түскен.

Сол сәтте суға батып кеткен. Іздестіру жұмысына облыстық төтенше жағдайлар саласының мамандары тартылды. Қыз баланың мәйіті бүгін, 20 шілдеде жергілікті уақытпен 7.40-та табылды.

«Қыздың денесі оқиға орнынан бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан Талсуат ауылы тұсындағы дарияда қалқып жүрген жерінен жағаға шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты

Депутаттар портреті. Асхат Аймағамбетов. Реформатор