Қызылордада жоғалып кеткен 4 жастағы бүлдіршін табылды

Қызылордада полицейлер жоғалған 4 жастағы бүлдіршінді тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. 13 мамыр күні сағат 13:30 шамасында Қызылорда қаласы полиция басқармасының “102″ жедел арнасына 39 жастағы қала тұрғыны 2020 жылғы ұлының үйінің ауласынан ойнап жүрген жерінде жоғалып кеткені туралы хабарлама берген.

Бүлдіршінді іздеу жұмыстарына Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция нарядтары жұмылдырылып, жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған 4 жастағы бүлдіршінді патрульдік полиция инспекторлары қала аумағында жүрген жерінен тапты.

Бүлдірішінді жедел-іздестіру жұмыстарына кірісіп, ата-анасына табыстаған Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері Елғон Нұрбол мен Балтабай Нұржанға анасы өз алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»