Қызылордада жастар бағдарламасымен жұмысқа тартылған 2 360 маманға жалақы төленбей келген

Қызылорда облыстық прокуратурасы жыл басынан бері 7145 жұмысшының құқығын, оның ішінде 6342 адамның конституциялық құқығын қорғады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 6 жұмыс беруші әкімшілік, 6 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

«Қадағалау актісі негізінде 601,3 млн теңге жалақы өндірілді. Мысалы, «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған 2360 жасқа 264 млн теңге жалақы қарызы төленді», – деді Ризабек Ожаров.

Қадағалаушы орган еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша да кемшіліктер тапты.

Облыстағы 8 мыңнан астам жұмыс беруші жұмысшыларын жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыру туралы шарт жасамаған. Оның арасында күріш өсіру саласындағы іргелі құрылым — «Абзал және К» серіктестігі де бар. Компания 511 адамға байланысты шарт жасамаған.

Кемшіліктер бойынша қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде 55 жұмыс беруші 500-ден астам жұмысшысын жазатайым оқиғадан сақтандырды.

Қазір оқып жатыр

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»

Журналист Ботагөз Омарова үйқамаққа алынды