Қызылордада такси жүргізушісіне шабуыл жасағандар ұсталды

Қызылордада такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері такси жүргізушіге қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні анықтап, қолға түсірді.

Белгілі болғандай, қаскүнемдер такси тоқтатып, өздерін қала орталығына апарып тастауын сұраған. Жүргізуші оларды айтылған жерге бағыт алған уақытта автокөлік салонының артында отырған біреуі оны ұрып-соққан. Жүргізушінің телефонын, қолда бар ақшасын тартып алып, далаға лақтырып кеткен.

Өздері автокөлікті қала сыртына тастап, оқиға орнынан қашып кеткен. Қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы жоспар енгізілді.

Нәтижесінде полицейлер Шымкент қаласының жедел қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іс-шара жұмыстарын жүргізу барысында екі күдіктіні ұстады. Олар Алматы облысының тұрғындары болып шықты.

Күдіктілер қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады