Қызылордада ішімдік ішкен жасөспірім үшін анасы сот алдында жауап берді

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жергілікті тұрғынды ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сот ақпаратына сүйенсек, азаматша К.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған баласы 15.04.2025 жылы Қызылорда қаласы, Титов қыстағы, Жетікөл көшесі бойында жеңіл дәрежеде алкогольдік ішімдік ішіп жүргендігі анықталды.

Азаматша К.сотқа берген түсінігінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, енді қайталанбайтынын айтып көрсеткен.

Сот қаулысына сай азаматша К. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55048 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады?

«Екінші үйім»: ДДСҰ басшысы Қазақстанға қонаққа келіп, қазақша ән шырқады