Қызылордада оқушыны өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды

Қызылорда облысында 9-сынып оқушысының өліміне алып келген ауыр дене жарақатын салды деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды.

Полиция

Алматы, NEGE. Мұны Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.

«Сондай-ақ аталған қылмысқа қатысы бар тағы екі адамға қатысты бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Оларға қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», - делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады