Қызылордада мектеп директоры мен бас есепші сотталды

Балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі директоры қызмет бабын пайдаланып, бас есепшісінің көмегімен шотына 2018-2023 жылдар аралығында бюджет қаражатын заңсыз аудартқан.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Оны жеке бас пайдасына жаратып, мемлекетке 21,7 миллион теңгедан астам мүліктік шығын келтірген.

Бас есепші жүкті екенін, асырауында кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұраған. Сот үкімімен оған белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына шеттетіліп, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал директор белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына шеттетілді.

«Оған түпкілікті 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 14 жасқа толмаған балалары бар әйел ретінде жазаны орындау бес жылға дейін кейінге қалдырылды», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады?