Қызылордада қылмыскерді ұстауға көмектескен оқушы марапатталды

Қызылорда қалалық ПБ бастығы қылмыскерді ұстауға көмектескен оқушыны марапаттады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда, балғын балалар да құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға бей-жай қарамай, қылмыскерлерді ұстауға белсенді болып, полиция қызметкерлеріне көмектесуде.

Міне, бүгін қызылордалық полицейлер қылмыскерді құрықтауға көмектескен Т. Рысқұлов атындағы №222 атындағы орта мектептің оқушысы Айзере Сағидулланы басқарма бастығы Айдар Қасанов марапаттады.

Оқиға 13 сәуір күні Қызылорда қаласының тұрғыны “102” арнасына Volkswagen passat автокөлігінің терезесінің ашық қалғанын пайдаланып, көлік ішінен ақша ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама берген болатын.

Аталған хабарлама бойынша жедел тергеу тобы өз қызметтерін атқарып, көрген білгендерден сұрастыру барысында 10 жастағы Айзере Ермекқызы қылмыскердің қалай автокөлікке кіргендігін, оның ішінен ақша ұрлап жатқандығын және қай бағытқа кеткендігін айтып қылмыскерді ұстауға көп септігін тигізген.

Басқарма бастығы Айзеренің бұл ерлігін бағалап, алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапаттап, осындай тәрбиелі қызды өсіріп отырған ата-анасына алғыс білдірді.

Қазір оқып жатыр

Талғарда 20 жастағы жігіттің өліміне күдіктілер ұсталды

«Халықты адастыру»: депутат ІІМ-ді қатаң сынады

Британия парламенті жастарға темекі сатуға өмір бойы тыйым салатын заңды мақұлдады

Рахат Тұрлыхановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды